Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады.
Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр күшейіп, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қазгидромет мәліметіне сәйкес, еліміздің оңтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірқатар аймақта жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Астанада күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +29…+31°C, желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +35…+37°C, желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с.
Шымкентте күн қатты ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +38…+40°C, желдің жылдамдығы түнде 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с.