Жаңалықтар

Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК 5 ақпанда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жекенбіде Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.