жұма, 25 қазан, 2024 20:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
ашық дереккөзі
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктеп 9 тамызға арналған ауа райын болжады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 9 тамыз күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Орталықта, күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел болжанады. Күндіз бұршақ жауып, оңтүстік-шығыста дауыл тұруы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде таңертең және күндіз шаңды дауыл күтіледі. Атап айтқанда, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында Ақмола облысының шығыс жартысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрте қаупі сақталады.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар