Жаңалықтар

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластануы мүмкін

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлап отыр

Бүгін Ақтөбе, Атырау қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. «Қазгидромет» берген мәліметке сүйене отырып. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.