Жаңалықтар

Бүгін футболдан UEFA чемпиондар лигасының финалы өтеді

Бүгін футболдан UEFA чемпиондар лигасының финалы өтеді

Сенбіден жексенбіге қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді Ақтық кезеңде «Ливерпуль» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі. Матч елорда уақытымен 00.40-та басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Францияның Сен-Дени қаласындағы «Стад де Франс» стадионында өткізіледі. Екі команда бұған дейін 8 мәрте кездесті. Оның 3-і «Ливерпуль» клубының басымдығымен аяқталса, біреуінде тең нәтиже тіркеліп, қалғанында испаниялық клубтың мерейі үстем болды.