Жаңалықтар

Бүгін - Халықаралық медбикелер күні

Бүгін - Халықаралық медбикелер күні

Бүгін - Халықаралық медбикелер күні. Биылғы мейрамның ұраны - Медбикелер халықтың медициналық көмекке деген қолжетімділігін арттырып, әділдік үшін қызмет етеді!. Бұл күнді халықаралық деңгейде атап өту бастамасы 1953 жылы көтерілген болатын. Араға 12 жыл салып, Халықаралық медбикелер күні ресми түрде аталып өтетін болды. Ал 1974 жылы медбикелердің Халықаралық кеңесі аталған мерекені мамырдың 12-сі күні тойлауды ұйғарды. Себебі бұл күн - медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі, танымал Флоренс Найтингелдің туған күні. Ол XX ғасырдың басында консервативті Англияның медицинасын түбегейлі өзгертіп, осы салада медбикелер қызметінің ашылуына себеп болды.