Жаңалықтар

Бүгін композитор Кеңес Дүйсекеевтің туған күні

Бүгін композитор Кеңес Дүйсекеевтің туған күні

Осыдан 77 жыл бұрын (1946-2023) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеұлы дүниеге келген. Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған.  Алматы консерваториясын бітірген.  1974-1976 жылдары – «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыкалық жетекшісі.  1976-1979 жылдары – «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің музыкалық жетекшісі.  1975-1984 жылдары – Қазақ теледидары музыкалық редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Оның жетекшілігімен «Тамаша», «Халық – талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде», т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды.  1984-1997 жылдары – Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.  1997 жылдан «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол «Толғау» симфониясының, «Жалаңтөс батыр» симфониялық поэма-картинасының, «О, дүние» кантантасының, «Жыл мезгілдері» романстар циклінің, «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әннің авторы. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.