сенбі, 28 желтоқсан, 2024 23:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін - Әлкей Марғұланның дүниеге келген күні

Бүгін - Әлкей Марғұланның дүниеге келген күні
ашық дереккөзі
Бүгін - Әлкей Марғұланның дүниеге келген күні
Бүгін Баянауылдың тумасы, Қазақстан археология мектебінің негізін салушы, ғылымның көптеген салалары: этнография, тарих, шығыстану, әдебитетану, өнертану бойынша көрнекті қайраткер белгілі ғалым, атақты Олжабай батырдың тікелей ұрпағы,академик Марғұлан Әлкей Хақанұлының туған күні. Әлкей Хақанұлы 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, бұрынғы Ақбеттау болысының № 2 ауылында кедей шаруа семьясында дүниеге келді. 1985жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында жерленді. Туған халқының тарихына ден қойып, зерттеу жұмыстарын сонау Ленинградта оқып жүргенде-ақ бастаған Әлкей елге келгеннен кейін де осынау бейнеті мол, көп ізденіп, зерттеуді қажет ететін сауапты істі одан әрі жалғастырып, Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария, Шу, Талас өзендері бойында және көне Отырар, Сауран, Сығанақ қалаларының орындарында түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді. Содан жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихына» деген монографиялық еңбек жазады. «Хандар жарлығының тарихи әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл көне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбек еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар