Жаңалықтар

Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні

The final spritzer

Марқұм көзі тірі болғанда 70 жасқа толар еді

23 қараша ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, таэквондодан қара белбеу 6-дан иегері, қазақтың бір туар азаматы Мұстафа Өзтүріктің дүние есігін ашқан күн, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мұстафа Өзтүрік
қазақ- түрік таэквондосының негізін қалаған тұлға. 

Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман 1954 жылы 23 қарашада Түркиядағы Мұсаходжалы ауылында туған. 

Ал 1990 жылы күзде Өзтүрік қазақ жастарын таэквондоға баулу үшін Қазақстанға біржола орнығып, 1991 жылы Қазақстан таэквондо федерациясын құрады. 1992 жылы Қазақстан Халықаралық таэквондо федерациясының (WTA) мүшесі болады. Осы жылы Мұстафа Өзтүрік Қазақстан азаматтығын алады.

Мұстафа Өзтүрік 1995 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында көз жұмған.