Жаңалықтар

Бүгін Париж Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді

The final spritzer

Байрақты бәсеке 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған

Бүгін Франция астанасы Парижде 
XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

 Төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі додаға әлемнің 205 елінен спортшылар қатысады күтілуде. 

Олимпиада алауын жеңіл атлетикадан үш дүркін Олимпиада чемпионы Мари-Жозе Перек мен даңқты футболшы Зинедин Зидан жағады. 

Спортшылар шеруі Сена өзенінде өтеді.

Ал Олипиадаға ойынын тамашалауға әлемнің түпкірінен миллиондаған адам келген. 9 миллионға жуық билет сатылған. 

Еске салайық, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында спорттың 25 түрінен сынға түседі. 

Еліміздің намысын 80 спортшы қорғайтын болады.