Жаңалықтар

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

Бүгін Қазақстанның халық артисі, қазақ вальсінің королі, танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Қазақ даласын әнмен тербеткен сазгер Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. Оның әндері Қазақ елінің қай өңірінде де жиі айтылып, әнсүйер қауым арасына барынша кең тараған.40 жылдан астам шығармашылық қызметінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.