Жаңалықтар

Бүгін төрт қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

Бүгін төрт қалада жайсыз метеожағдай қалыптасады

3 шілде күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, 3 шілде, дүйсенбі күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады. Тек Алматы, Өскемен, Риддер, Ақтау қалаларында ғана ауа сапасы біршама нашарлайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.