Жаңалықтар

Бүгін Tartyl Fest соңғы кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді

Бүгін Tartyl Fest соңғы кезеңі Нұр-Сұлтанда өтеді

Бүгін елордада турникте тартылу бойынша Tartyl Fest республикалық спорт фестивалінің соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Tartyl Fest Президент жанындағы «Дара» қоғамдық қорының қолдауымен өтіп жатыр. Бүгін турнирдің соңғы 20-кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында, бұрынғы EXPO аумағындағы сахнада өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін тіркеу, өлшеу және қатысушыларға нөмірлер беру жұмысы жүргізіледі. Фестиваль ресми түрде 14:00-де ашылады. Бүкіл қаладағы қатысушылар үшін ереже бірдей: дұрыс және ең көп тартылу. Жалпы алғанда фестивальге еліміздің 19 қаласынан 12 мыңға жуық адам қатысқан.