сенбі, 24 мамыр, 2025 21:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – театр және кино өнерінің шебері Асанәлі Әшімов 88 жасқа толды

Бүгін – театр және кино өнерінің шебері Асанәлі Әшімов 88 жасқа толды
Фото: «Қазақфильм» киностудиясы
КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Бүгін көрнекті театр және кино актеры, режиссер, өнер қайраткері, Қазақ КСР және КСРО Халық артисі, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек ері» орденінің иегері Асанәлі Әшімовтің туған күні, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Асанәлі Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген. Ол 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.

1961 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының және 1964 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды.

«Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.

«Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар