Бүгін Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
![The final spritzer](https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2025/01/1738037621.jpg)
Жиында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы екшеліп, болашаққа бағыт-бағдары айқындалады
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді,деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауыынша, жиында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері нақтыланады.
Сонымен қатар премьер-министр Олжас Бектенов, ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.