«Бүгін қуанып тұрмын»: Аймағамбетов сүйінші хабарын айтты
Депутат білім саласына қатысты екі жақсы жаңалығын жеткізді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бүгін балалардың қосымша білім алуы мен әлеуметтік осал отбасылардың балаларына көмек көрсетуге қатысты түзетулер қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. BAQ.KZ тілшісі не сілтеме жасап.
Депутат қандай түзетулер енгізілгенін жеке-жеке түсіндіріп берді.
1. Жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету.
Мемлекеттік тапсырыс алатын балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары үшін хабарламалық тәртіп енгізу.
Аймағамбетовтің сөзінше, қазіргі уақытта бұлсалада тіпті қарапайым бақылау да жоқ: мемлекет қандай орталықтардың ашылатынын, жабылатынын немесе балаларға қызмет көрсететінін білмейді. Хабарламалық тәртіп бұл мәселені белгілі бір дәрежеде шешеді, бірақ бұл үдеріс қатысушыларға артық бюрократиялық жүктеме жүктемейді.
Мәжіліс депутаты оның мағынасын түсіндірді.
• Өз қызметін бастаған немесе тоқтатқан ұйым бұл туралы мемлекеттік органдарға хабарлауы тиіс.
• Бұл лицензиялау емес — бұл аталған ұйымдардың саны менжұмысын есепке алуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген және ең қарапайым деңгейдегі шара.
Бұл қосымша кедергілер тудырмайды, бірақ жауапкершілік деңгейін қамтамасыз етеді.