Бүгін Қытаймен визасыз режим басталады
Қазақстан азаматтары Қытайға шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын мерзімге, алты ай ішінде барлығы 90 тәулікке кіре алады.
Келісімге биыл 17 мамырда Сиань қаласында қол қойылған болатын.
Екі елдің азаматтары жеке істерді, туризмді, ем қабылдауды, халықаралық тасымалдарды, транзиттік, сондай-ақ іскерлік мақсаттарды жүзеге асыру үшін визалық талаптардан босатылады.
Бұл ретте азаматтардың екi мемлекеттiң аумағында болу мерзiмi мемлекеттiк шекараны кесiп өткен сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күнне, ал 180 күнтiзбелiк күн iшiнде барлығы 90 күннен аспауы қажет.
Егер азаматтарда 30 күннен астам тұру қажеттігі болса, олар алдын ала тиісті санаттағы кіру визасын алуы керек.
Визасыз режим жұмыс істеу, оқу немесе миссионерлік қызметпен айналысу құқығын бермейді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз