Жаңалықтар
Бүгінге дейін 294 адам «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды
- авторjambylinfo.kz
- 21 мамыр, 2021
- 254
Бүгінге дейін 294 адам «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды
Тәуелсіздік алған жылдардан мемлекет тарапынан білім алуға, шығармашылығын дамытуға, еңбектенуге ұмтылған жастарды қолдау мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар іске асырылуда. Олардың бірі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен тағайындалған «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Осы жылдар ішінде 294 адам сыйлық иегері атанды. Бұл туралы АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов мәлімдеді.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бастап жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін 10 номинация бойынша беріледі. «Дарын» сыйлығына халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары үміткер бола алады», деді Ш.Байманов.
Айта кетейік, еліміздің асқақ туын әлемге желбіретіп танытқан спортшыларымыз Серік Сәпиев, Ольга Шишигина, Данияр Елеусінов, Юлия Галышева, өнер саласында өзіндік орны бар Димаш Құдайберген, «Муз АРТ», «Жігіттер», «Ұлытау» топтары, классикалық музыкадан Мария Мудряк, Жібек Мусургалиева, халық шығармашылығындағы тұлғалар Күнсұлу Түрікпен, Мұқият Асқар, белгілі актерлер Әділ Ахметов, Асылхан Төлепов және т.б. өнерлі жастар әр жылдары «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері атанды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала