“Бұл – менің саналы шешімім”: ұлты кәріс Влад деген азамат есімін Болат деп өзгертті
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 қараша, 2024
- 363
Әлеуметтік желідегі парақшасында ол не себепті есімін өзгерткенін айтып берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz cілтеме жасап.
"Мен неге Влад деген есімімді Болат деп өзгерттім? Мен осылай, өткен ғасырдың отызыншы жылдары кәрістерге аман қалуға көмектескен қазақ халқына алғысымды білдіргім келді, – дейді ол азамат."
Влад Мун атты азамат осылайша, Болат Мун болып өзгерді. Желіде оның бұл таңдауын көпшілік жақсы қабылдағанымен, “хайп ұстап жүрсің” деп сынағандар да болған. Алайда ол “ешкімге ештеңе дәлелдегім келмейді, бұл менің саналы шешімім” деп жауап берді.
"Ол желідегі әңгімесінің бірінде Қазақстандағы лагерьге айдалған әйелдерге құрт лақтырып, қиын кезде көмек берген балалардың ерлігін айтады. “Олар лагерьде орыс па, кәріс пе, неміс пе – кім отырғанын білмеді, жай ғана адамгершілік танытты” дейді.
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024