Жаңалықтар

БҚО Қаратөбе ауданында екі өзен арнасынан асты

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында екі өзен арнасынан асып, су деңгейі көтерілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

"Көктемгі қар ерігендіктен, Ақтайсай ауылындағы Таян және Қоржын ауылындағы Жақсыбай өзендерінің деңгейі көтерілді. Көлік жолдарының кейбір бөлігін су басты. Дегенмен елді мекендерге тікелей қауіп жоқ, өзендердегі су деңгейі қауіпті межеге жеткен жоқ", – деп мәлімдеді министрлік.

Қажет болған жағдайда құтқарушылар тұрғындарды тасымалдауға көмектеседі. Сонымен қатар, ТЖМ қызметкерлері Қаратөбе ауылындағы Қалдығайты өзенінің бойына құм салынған қаптарды орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылды.