БҚО-да ер адам досын пышақтап өлітіріп, кейін денесін өртеп, қалдықтарын ауласында жасырған
БҚО-да ер адам досын пышақтап өлітіріп, кейін денесін өртеп, қалдықтарын ауласында жасырған
Деректерге сай екі дос алдымен алкогольдік ішімдік ішкен. Кейін арада кикілжің пайда болып, бірі екіншісіне пышақ сұғып алған. Жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмған. Алайда айыпты мұнымен тоқтамай алдымен мәйітті өртеген. Кейін мәйіттен қалған қалдықтарды өз үйінің ауласындағы бұталардың арасына тығып қойған. Сөйтіп өз істерімен айналысып біраз күн жүре берген. Тек марқұмның туыстары оны іздеп полицияға хабарласқаннан кейін ғана іздестіру барысында сүйек қалдықтары табылады. Жауап алу кезінде ауыл тұрғыны кісі өлтіргенін мойындағанымен, бұл әрекетіне не себеп болғаны есінде жоқ екенін айтты. Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.