Жаңалықтар
БҚО-да мал ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қыркүйек, 2025
- 444
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысында полицейлер Сырым ауданының тұрғынына тиесілі еркін жайылымдағы 11 жылқыны ұрлады деген күдікпен қылмыстық топты ұстады.
«Күдіктілер ұрланған малды сойып жатқан сәтінде қолға түсті. Жедел іс-шара барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен 7 бас мал табылды. Ұсталған сәтте төрт жылқы сойылғаны анықталды. Шығын сомасы 4 миллион теңгеден асады. Тәркіленген ет пен қалған жылқылар заңды иесіне қайтарылды», - делінген БҚО Полиция департаментінің хабарламасында.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Келесі мақала






