Жаңалықтар

БҚО-да самбо жаттықтырушысы шәкірттерін ұрып-соққан

БҚО-да самбо жаттықтырушысы шәкірттерін ұрып-соққан

Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Спорт мектебінің жаттықтырушысы бір оқушыны кеудесінен итеріп, екіншісін беті мен басынан ұрған. Полиция бұл дерек бойынша хаттама толтырған. Кейін ата-аналар мен жаттықтырушы татуласқандықтан істі қарау тоқтатылыпты.