Жаңалықтар

БҚО-дағы апат: тікұшақ 1 ай бұрын Атырауда мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен

БҚО-дағы апат: тікұшақ 1 ай бұрын Атырауда мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов ведомствода өткен брифингіде Батыс Қазақстан тоблысныда апатқа ұшыраған тікұшақ туралы мәлімет берд, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «2021 жылы жасап шығарылған Ми-8 тікұшағының әуеде ұшуы 250 сағатты құрайды, 2023 жылдың 17 қаңтарында Атырау қаласында мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен болатын. 2030 жылы әуе кемесі алғашқы күрделі жөндеуден өтуі тиіс болатын. Тікұшақ пайдаланылған сәттен бастап ұшуға жарамдылығына әсер ететін ақаулар мен ескертулер болған жоқ», - деді Руслан Иманқұлов. Еске салсақ, кеше Батыс Қазақстан облысында «Қазавиақұтқару» АҚ-ға тиесілі тікұшақтың «апатты жағдайда қонып», 4 адамның мерт болғаны хабарланған болатын.