дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО-дағы жылусыз, сусыз отырған ауылда төтенше жағдай жарияланды

БҚО-дағы жылусыз, сусыз отырған ауылда төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
БҚО-дағы жылусыз, сусыз отырған ауылда төтенше жағдай жарияланды
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Теректі ауылдық округінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ауыл әкімдігінің «Ашық» НҚА порталында жарияланған шешімінде жазылған.
«30 қаңтарда Қабыл төбе ауылындағы құдықтардан су айдау тоқтатылды. Себебі, Теректі ауылына ауыз су беретін 5 су сорғыштың біреуі істен шықты. Қалған су сорғыштар қажетті қысымды бере алмайтындықтан, қазіргі уақытта 1 859 тұрғын үй, 51 әлеуметтік нысан орталықтандырған ауыз сусыз отыр. Себебі қалған 4 су сорғыштың тозуы 43 пайызды құрайды. Онымен қоса, мемлекеттік бағдарламамен салынған 27 тұрғын үй (26-сы – бір пәтерлі жеке үй, біреуі – 36 пәтерлі үш қабатты үй) жылусыз қалды. Себебі бұл үйлерде жылыту жүйесі орталықтандырылған су жүйесімен біріктірілген. Су қысымы төмендеген кезде газ қазандығы жылыту жүйесінің жұмысын автоматты түрде тоқтатқан (төтенше жағдайдың алдына лу үшін). Бұл үйлердің суып кетуіне алып келді. Қазіргі уақытта аталған үй тұрғындары өзге жерлерге көшіп жатыр», - делінген құжатта.
Шешімге қосымша берілген түсіндірмеге сүйенсек, аталған жағдайды реттеу үшін елді мекенде техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілмек. Құжатта Теректі ауылының әкімі А.Әубәкіров жөндеу жұмыстары мен жаңа сорғыларды сатып алу үшін аудан әкімдігінен қосымша қаражат бөлу қажеттігін көрсеткен.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар