Жаңалықтар

БҚО-дағы жылусыз, сусыз отырған ауылда төтенше жағдай жарияланды

БҚО-дағы жылусыз, сусыз отырған ауылда төтенше жағдай жарияланды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Теректі ауылдық округінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ауыл әкімдігінің «Ашық» НҚА порталында жарияланған шешімінде жазылған.

Шешімге қосымша берілген түсіндірмеге сүйенсек, аталған жағдайды реттеу үшін елді мекенде техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілмек. Құжатта Теректі ауылының әкімі А.Әубәкіров жөндеу жұмыстары мен жаңа сорғыларды сатып алу үшін аудан әкімдігінен қосымша қаражат бөлу қажеттігін көрсеткен.