Жаңалықтар

БҚО әкімі Қабірхан сәйгүліктің иесін құттықтады

БҚО әкімі Қабірхан сәйгүліктің иесін құттықтады

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев  Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінде жеңіске жеткен әйгілі Қабірхан сәйгүліктің иесі кәсіпкер Тілек Мұханбетқалиевті қабылдады деп хабарлайды Jambylinfo. Басқосуда аймақ басшысы Тілек Мұқанбетқалиевті үздік арғымақ баптап, әлемдік додада жеңіске жетуімен құттықтады.

Өз кезегінде Тілек Мұханбетқалиев өңірдегі ат спортының дамуына қолдау көрсетіп отырғаны үшін облыс басшылығына алғыс білдіріп, биыл елімізде өтетін  Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында облыс атынан бәйгеге ат қосуға дайын екендігін айтты.