дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 9:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бәрі о бастан шешіліп қойған": Бишімбаев апелляциялық сотта ешкім оның сөзіне құлақ аспағанын айтты

"Бәрі о бастан шешіліп қойған": Бишімбаев апелляциялық сотта ешкім оның сөзіне құлақ аспағанын айтты
Сурет:Жоғарғы сот
Астанада Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша сот процесі жалғасып жатыр.

Сот отырысының екінші бөлімінде 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев кінәсінің аздығын дәлелдеуге мүмкіндік берілмеген сотқа өкпе-ренішін жеткізді, -деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, сот үкімі алдын ала шешіліп қойған. 

"Расында сот маған да, менің қорғаушыларыма да кінәмнің аздығын дәлелдеуге мүмкіндік берген жоқ. Біз іске қатысты материалдармен толық танысқан да жоқпыз.  Бәрі о бастан шешіліп қойған. Ақиқат ешкімге керек емес екен", -деген ол  енді тек адвокаттарымның ұстанымын қолдайтынын тілге тиек етті. 

Сот отырысының бірінші бөлімінде Бишімбаевтің қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов сот Қуандық Бишімбаевқа 24 жыл әділетсіз үкім шығарғанын алға тартқан болатын.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар