Бұрынғы еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды
Қазіргі таңда Сарбасовтың нақты қандай іс бойынша ұсталғаны және оған қандай айып тағылғаны белгісіз.
Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл ақпаратты министрлік растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрлік тергеу барысына қатысты барлық сұрақ уәкілетті органдардың құзыретіне жататынын ескертті.