дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бәйтерек" БЖЗҚ-дан 500 миллиард теңге алады

"Бәйтерек" БЖЗҚ-дан 500 миллиард теңге алады
ашық дереккөзі
"Бәйтерек" БЖЗҚ-дан 500 миллиард теңге алады
Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы активтерін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің облигацияларына инвестициялайды, - деп хабарлайды Жамбылинфо  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесі бекіткен БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттарына сәйкес, 2023 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерін 500 миллиард теңге жалпы сомада "Бәйтерек" ҰБХ" облигацияларына нарық талаптарымен инвестициялау жоспарланып отырғанын хабарлайды", - делінген ҰБ сайтында.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тартқан қаражатты машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларды кредиттеуге бағыттауды жоспарлап отырғаны айтылды. Қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде бақыланады.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – Қазақстан экономикасын орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін институт. Холдингтің қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі тікелей бақылайды. Холдинг бағалы қағаздар нарығында сенімді қарыз алушы болып табылады, оның орнықты қаржылық көрсеткіштері мен халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары кредиттік бағалары бар. Мәселен, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ның Fitch Ratings агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингі деңгейінде тұр және тұрақты болжаммен "ВВВ" құрайды", - делінген хабарламада.
БЖЗҚ зейнетақы активтері "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға нарықтық кірістілік бойынша қайтарымды негізде берілетіні айтылды. Жоғарыда аталған инвестициялар БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкеледі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының нақты секторын одан әрі дамыту мен жаңғыртуға елеулі қолдау көрсетеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар