Жаңалықтар

"Бәйтерек" БЖЗҚ-дан 500 миллиард теңге алады

"Бәйтерек" БЖЗҚ-дан 500 миллиард теңге алады

Ұлттық банк қазақстандықтардың зейнетақы активтерін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің облигацияларына инвестициялайды, - деп хабарлайды Жамбылинфо  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ тартқан қаражатты машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларды кредиттеуге бағыттауды жоспарлап отырғаны айтылды. Қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде бақыланады.

БЖЗҚ зейнетақы активтері "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-ға нарықтық кірістілік бойынша қайтарымды негізде берілетіні айтылды. Жоғарыда аталған инвестициялар БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкеледі, сондай-ақ Қазақстан экономикасының нақты секторын одан әрі дамыту мен жаңғыртуға елеулі қолдау көрсетеді.