Жаңалықтар
Бағдат Әшімова марқұм Асанәлі Әшімовке арнап жан тебірентерлік жазба жариялады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 ақпан, 2026
- 53
Ол өмірден өткен жұбайына деген сағынышы мен ішкі күйзелісін өлең жолдары арқылы жеткізді.
Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желіде жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол өмірден өткен жұбайына деген сағынышы мен ішкі күйзелісін өлең жолдары арқылы жеткізді.
«Жан бөлек. Жан бөлек!!! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн. Алладан сұрарым пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.
Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен”, — деп жазды ол», – деп жазды ол.
Келесі мақала




