Бағлан Саурамбаев 36 кәсіпкерге балық жетілдіретін шаруашылық ашуға көмектескен
Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылының тұрғыны Бағлан Саурамбаев 2018 жылы «Golden Fish» шаруа қожалығын ашып, балық түрлерін көбейтіп отыр, – деп хабарлайды «jambylinfo.kz».
Балықтар уылдырық шашқан сәттен бастап, инкубациялық цехта арнайы бассейндерде жетілдіріледі екен.
– Жалпы балық жетілдіруге келген себеп, Жамбыл облысында 2018 жылдары фарель балығы болмаған. Содан шабақтарды 16 миллионға алып келе жатқанда өліп қалды. Екінші рет 32 миллионға алып келе жатқанда жолда тағы өлтіріп алдық. Фарельді тасымалдау қиын, оның өз ережесі бар. Сол уақытта ережесін білмегеннен өлтіріп алған едік. Содан кейін инкубациялық цех ашу идеясы келді. Даниядан ұрыққа тапсырыс бердік. Цех соғып, шабақ шығардық. Содан бері уылдырықты арнайы алдырамыз. Қазіргі таңда өзіміздің аналық фарельдеріміз бар. Жамбыл облысы бойынша Шымкент, Қордай, Меркі және тағы басқа да аудандар шабақ күйінде, және рсеторан кафелерге қолдану үшін біге тапсырыс береді. Қазіргі уақытта Алматыдан жем сатып аламыз. Қазір балықтың жемі өндірілетін жем шығаратын завод соғып жатырмыз. Қазір амур, форель мен тұқа сынды балық түрлері бар. Цехте 12 бассейн жұмыс істейді. Жас шабақтардың дамуына қолайлы жағдай жасалған. Егер шабақтардың күйі дұрыс қадағаланса, 30-40 күн аралығында сатылымға дайын болады – дейді Бағлан Саурамбаев.
Бүгінде аталмыш шаруақожалық 8 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар балыққа жем беруші, тазалық сақтаушы, бағбан және күзетші. Одан бөлек осы уақытқа дейін Бағлан Нұрланұлы 36 кәсіпкерге балық жетілдіретін шаруашылық ашуға көмектескен. Дәл осы кәсіппен айналысуға ниет білдірушілер тәжірибелі кәсіп иесін көлшіктегі судың жағдайын тексеріп, қанша балық сиятынын және сол көлшікке балық жіберсе жетіліп кететіне күмәнсіз көз жеткізу үшін ақылы қызметіне жүгінеді екен. Туған туған жеріне туын тігіп отырған кәсіпкердің Жасөркен ауылында демалыс орталығы да жұмыс істеп тұр. Атпен қыдыруға да мүмкіндік жасалған. Көлшіктерге қармағымен келгендер балық аулап, өздері қуырып жеуге мүмкіндігі бар. Шығыны 20 мың теңгені құрайды.