Жаңалықтар
Бақылау камералары арқылы күніне 50-ден астам бұзушылық анықталады
- авторjambylinfo.kz
- 25 ақпан, 2021
- 289
Бақылау камералары арқылы күніне 50-ден астам бұзушылық анықталады
Жамбыл облысында сыртқы бақылау камераларының көмегімен күніне 50-ден астам әкімшілік тәртіп бұзушылық анықталады.
Жамбылдық полицейлер сыртқы бақылау камераларының көмегімен күніне 50-ден астам әкімшілік бұзушылықты анықтайды. Бұл өз кезегінде тәртіп сақшыларының жұмысына айтарлықтай оң ықпал етуде. Айталық, Тараз қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығының сыртқы бақылау камераларымен Сейфуллин көшесінде «БМВ» маркалы автокөлік жүргізушісінің жолдың қарсы жолағына шығып, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзған екі дерегі тіркелді. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 5-бөлімі және 599-бабы 1-бөлімі бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ, бес жүргізуші автомобиль әйнегіне жабындар немесе пленкалар салғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Тараз қаласының Сейфуллин көшесіндегі бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өткен «ВАЗ» маркалы автокөлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешенінің және сыртқы бақылау камераларының көмегімен Қонаев көшесінде көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар «Лада Ларгус» маркалы автокөлігінің қозғалысы анықталды. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалынды. Ол он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді» делінген ведомство хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024