сейсенбі, 8 қазан, 2024 21:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ

Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ
ашық дереккөзі
Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Бұдан бұрын Атырауда Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот өтіп жатқанын жазған едік. Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Сотта Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлім етті. Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтың ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен тергелген. Ал, «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов ҚР Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігімен тергеуге алынған. Бақытгүл Хаменова ісіне қатысты айыптау актісі 55 бетті құраған. Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнатуға бөлінген қаражаттан пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол былтырғы желтоқсан айында ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған. Бақытгүл Хаменова 2020 жылғы 13 наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Ол бұл тағайындауға дейін алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты болған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар