Балқашта Наурыз мерекесінде түйе адамды таптап кете жаздады
- авторjambylinfo.kz
- 21 наурыз, 2025
- 253

Наурыз мерекесін тойлау кезінде қалалық алаңда арбаға жегілген түйе кенеттен шауып кетіп, жанында жүрген иесі оны тоқтатуға тырысқан. Алайда түйе ер адамды қағып, таптап кетуге шақ қалған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Балқаш әкімдігі бұл оқиғаның Мәдениет сарайының маңында болғанын хабарлады.
"Түйемен серуендеуді ұйымдастыру кезінде жергілікті атқарушы органдардан тиісті рұқсат алынбаған. Мал ұстау және жаю ережелерінің сақталмауы салдарынан жануар агрессия көрсеткен", – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Полиция түйе иесіне қатысты "Көріктендіру ережелерін бұзу" және "Мал жаю тәртібін бұзу" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Әкімдік оқиғадан зардап шеккен ер адамның медициналық көмекке жүгінбегенін атап өтті.
"Осы секілді ойын-сауық шараларын ұйымдастырушыларға ескерту: жануарларды пайдаланумен байланысты қызмет заң талаптарына сай болуы және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс", – деп ескертті ведомство өкілдері.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді
Ұқсас жаңалықтар
Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025