дүйсенбі, 7 қазан, 2024 1:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Балабақша – тәрбие мен білімнің баспалдағы

Балабақша – тәрбие мен білімнің баспалдағы
ашық дереккөзі
Балабақша – тәрбие мен білімнің баспалдағы
Еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақ десек, білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы деп айтуымызға болады. Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер еліміздің білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт сұранысына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине, бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтердің заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Тәрбие мен білім – егіз. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер де жаңарып, өзгеріп жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде барынша қолдануға тырысамыз. Әлемді енді танып, тәй-тәй басқан бүлдіршіннің ділін түсініп, оның тілінде сөйлеу балабақша тәрбиешісінің басты міндеті. Сол себепті жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. Мәселен, ынтымақтастық педагогикасы білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жандүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің ұстанымы ауысқан, ол балаларға басшы емес, білім беру қызметінің тең қатысушысы. Мұндай оқыту баланың интеллектуалды қабілеттілігін айтарлықтай шамада анықтайды, балаларға мінезін қалыптастыруға, байланыс тілді, логикалық ойлауды, дүниетанымды дамытуға, сыни ойлауды қалыптастыруға және дамытушы орта құруға мүмкіндік береді. Балабақша – тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бұл күнде Жанна Тоғанбаева басшылық ететін «Балдәурен» бөбекжай балабақшасында 150-ге жуық бүлдіршін бір ересек, үш орта, екі кіші топта тәрбиеленуде. Олардың көпшілігі өзге ұлт өкілінің балалары болып табылады. Ынтымақ-бірлігі жарасқан ұжымда 41 қызметкер еңбек етуде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар