Балаева: «Масс-медиа туралы» заң жобасының мақсаты – сөз бостандығын қамтамасыз ету
Балаева: «Масс-медиа туралы» заң жобасының мақсаты – сөз бостандығын қамтамасыз ету
Бүгін Мәжілісте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БАҚ заңнамасын қайта қарау туралы тапсырмасын орындау аясында әзірленген «Масс-медиа туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғам сұранысын және медиа саласының даму тенденцияларын ескере отырып әзірленді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Аида Балаеваның айтуынша, «Масс-медиа туралы» заң жобасы негізгі бұқаралық ақпарат құралдары және теле-радио хабарларын тарату туралы екі заңның синтезі. Олардың негізгі мақсаты отандық қауіпсіз ақпараттық кеңестікті қалыптастыру екені белгілі.