Балалар арасында қызылша өршіді: мектептерде карантин енгізіле ме
Балалар арасында қызылша өршіді: мектептерде карантин енгізіле ме
Қазақстанда балалар арасында қызылша ауруы белең алды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, елге бұл ауруды шетелден келгендер әкелген. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, елге бұл ауруды шетелден келгендер әкелген. «Қазіргі кезде балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр. Инфекция ауа арқылы тарайтыны белгілі. Ауруды жұқтырудың алғашқы деректері шетелден келгендер мен туристерден анықталды, яғни Түркиядан, Ресейден, Мысырдан келген адамдардан байқалды. Осының салдарынан балалар ауруды жұқтыра бастады. Көбіне екпе алмаған балалар ауырды, оларда ауруға қарсы иммунитет болмаған», - деді А. Ғиният. Министрдің сөзінше, қазір қызылшаға қарсы екпе алмаған балаларды вакциналау жүріп жатыр.