Жаңалықтар

Балалар ата-анасының рұқсатынсыз WhatsApp, Instagram-ға тіркеле алмайды

Балалар ата-анасының рұқсатынсыз WhatsApp, Instagram-ға тіркеле алмайды

Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары енгізіледі. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 6 маусымға дейін жария талқылауда болады. Instagram, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу шаралары 2025 жылғы I тоқсанда енгізілуі мүмкін.