сейсенбі, 18 наурыз, 2025 21:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Балалар ауруханасына хакерлік шабуыл: 350 млн теңге ұрланды

Балалар ауруханасына хакерлік шабуыл: 350 млн теңге ұрланды
ашық дереккөз
2024 жылдың мамыр айында Жамбыл облыстық балалар ауруханасының есепшотына хакерлік шабуыл жасалған.

Шабуыл нәтижесінде есепшоттан 350 миллион теңге қаражат ұрланған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпараттық порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін  Жамбыл облысының полициясы бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысында бұрын сотталған 33 жастағы ер адам ұсталып, аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді.

Ұрланған қаражаттың 305 миллион теңгесі аурухананың есепшотына қайтарылды. Қылмыстық іс материалдары одан әрі қарастыру үшін Жамбыл облысының Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар