Балалар хирургиясының негізін қалаушы Камал Ормантаев өмірден өтті
Қайғылы хабарды оның ұлы Жарас Ормантай әлеуметтік желіде бөлісті
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Камал Ормантаев дүниеден озды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Камал Ормантаев 1936 жылғы 11 қыркүйекте Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Ол еліміздегі балалар хирургиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті ғалым және дәрігер еді.