Жаңалықтар

Балалар өлімі: Динара Зәкиева әкімдерді жауапкершілікке тартуға шақырды

Балалар өлімі: Динара Зәкиева әкімдерді жауапкершілікке тартуға шақырды

2 апта ішінде Қызылорда және Түркістан облыстарында 2 бала ашық кәріз құдықтарына құлап көз жұмды. Екі жағдайда да құдықтар әкімдіктерге тиесілі, деп жазды балалар омбудсмені. Зәкиева қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген жауапты қызметкерлерді жазалау үшін тиісті өтініш уәкілетті органға жолданатынын жеткізді.