Балалар үшін қан тапсырды
Балалар үшін қан тапсырды
Бүгінгі таңда ауыр қан дерті - лейкозға шалдыққан балалардың саны күн өткен сайын арта түсуде. Ал, оларды емдеу барысында жілік майы ауыстырылады. Бұл үшін ең бастысы - донор табу қажет. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің (қоныс колониясы) басшы және жеке құрам қызметкерлері мұндай игі іс-шарадан тыс қалған емес. Нақтылай түссек, тәртіп сақшылары Тараз қаласындағы облыстық Қан орталығына барып, сауапты іске атсалысты. Бұл күні қан орталығының дәрігерлері мұқият түрде тексерулерден өткізіп, қан қысымын өлшеп, қан тобын анықтады. Ақ халатты абзал жандардың айтуынша, әсіресе, жаздың кезінде балалар үшін донорлық қан күн-түн демей, үзіліссіз сұратылып жатады.