Жаңалықтар

БАЛАСЫН САТПАҚ БОЛҒАН ӘЙЕЛ ӨЗ СЕБЕБІН ТҮСІНДІРДІ

БАЛАСЫН САТПАҚ БОЛҒАН ӘЙЕЛ ӨЗ СЕБЕБІН ТҮСІНДІРДІ

Шымкентте туған баласын сатуға келіскен келіншек қамауға алынды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо KYN.KZ сайтына сілтеме жасап. 23 жастағы келіншек алдымен делдал арқылы баласын сатып алатын адамды іздеген. Біршама уақыттан кейін сатып алушы табылған. Оған басқа облыста тұратын 45 жастағы әйел хабарласып, артынша екеуі баланың бағасына да келіскен. "Сондай-ақ, ұсталған келіншектің бұған дейін бірнеше рет алаяқтық үшін жауапқа тартылғаны анықталды, мойнында біраз қарыз да бар болып шықты", - деді Нұрмағамбетов бүгінгі онлайн брифингте. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 135-бабы (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Нәресте балалар үйіне орналастырылды. Ал анасы қамауға алынды. Әйел баланы сатуға мәжбүр болдым деген. Себебі ретінде қарыздарын айтқан. Сонымен қоса ол қарыз берген адамдардан бір жола құтылу үшін туған баласын құрбан етуге бел буғанын ашық айтқан.