«Балық басынан шіриді»: Елімізде 8 айда 95 полицей сотталған
- авторjambylinfo.kz
- 27 тамыз, 2024
- 476
2024 жылдың қаңтар-шілде аралығында сот үкімімен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 95 полицей кінәлі деп табылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
"Айыптау үкімінің 80%-ы ҚР ҚК-нің «Пара алу» (47 адам) және «Алаяқтық» (27 адам) бойынша шығарылған
Сәйкесінше, сотталған полиция қызметкерлерінің әрекеттері басқаша жіктелген жағдайлар өте сирек:
• пара беру – 7 адам;
• парақорлыққа делдал болу – 5 адам;
• құзыреттілікті асыра пайдалану – 4 адам;
• қызметтегі әрекетсіздік – 3 адам;
• өкілеттікті асыра пайдалану – 2 адам.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық істері бойынша барлығы 557 адам, оның ішінде полицейлер де сотталған. Олардың 182-сі бас бостандығынан айырылып (50% жағдайда бес жылдан аспайтын мерзімге), 247-сі айыппұл төлеуге міндеттелді (жалпы сомасы 3,4 млрд теңге), – делінген хабарламада.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024