‹Барымды саламын» Назым Қызайбай Олимпиадаға тек жеңіс үшін келгенін айтты
Жерлесіміз 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатыр
Париж Олимпиадасында әйелдер боксынан ел намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Назым Қызайбай 1/8 айналымда бразилиялық Каролин де Алмейдамен кездескен болатын.
Қызайбай алғашқы раундта 5:0, екінші раундта 4:1 есебімен алға шықты.
Үшінші раундта да төрешілер 4:1 есебімен жеңісті жерлесімізге берді.
Осылайша, қазақстандық боксшы Олимпиаданың ширек финалына шықты.
Оның ендігі қарсыласы - колумбиялық
Виктория Ингрит Лорена.
Жарқын жеңісінен кейін тілшілерге сұхбат берген боксшы Париж олимпиадасында жеңіс үшін келгенін, спорттық мансабында мақсатына жету жолында қолынан келгеннің бәрін істейтінін айтты.