Жаңалықтар

Басқа да мәселелер жеткілікті – СІМ Кенесары ханның басын Қазақстанға қайтару жайлы

Басқа да мәселелер жеткілікті – СІМ Кенесары ханның басын Қазақстанға қайтару жайлы

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, Ресей тарапы Кенесары ханның басы жоқ екенін айтқан.

Смадияров Кенесары ханның басы бар-жоғын анықтау мәселесін қазақстандық тарихшылар ресейлік әріптестерімен анықтауы керек деп қосты. Қазақтың соңғы ханының басын тарихи отанына қайтару мәселесі жоғары деңгейде қарастырылып жатыр ма деген сұраққа сыртқы саясат ведомствосының өкілі: "Білесіз бе, бізде басқа да сұрақтар жеткілікті. Жұмыс істеу керек" деп жауап берді. Дереккөз: Ұлысмедиа порталынан