дүйсенбі, 25 қараша, 2024 13:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бас мүфти құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады

Бас мүфти құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады
ашық дереккөзі
Бас мүфти құрбан айт қарсаңында кәсіпкерлерге үндеу жасады
🔹 Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт 9 шілдеге белгіленген. Осыған орай еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасады. Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерді азық-түлік пен мал бағасын өсірмеуді, халықтың қалтасымен санасуға шақырды. Сондай-ақ биыл да құрбандық шалу ел аумағында офлайн және онлайн режимде жүзеге асатынын айтты. Бұл бағытта арнайы сайт жұмыс істемек. "Үстіміздегі жылдың жыл санауы бойынша 8 шілде күні Алла қаласа арафа күні болады.Ал енді құрбан айт мерекесенің алғашқы күні, Алла қаласа Құрбан айт күні ол тоғызыншы шілдеге келіп отыр.Алла тағала баршамыздың тілегімізді-ниетімізді қабыл етсі", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы. Айта кетсек, онлайн түрде құрбан шалам деушілер qurban2022.kz сайты арқылы құрбандық малын таңдап, көрсетілген реквизитке қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Одан бөлек төлем жасау барысында хабарламаға тапсырыс нөмірі мен құрбандық шалушының аты-жөнін жазу міндетті. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен WhatsApp нөмірге жіберіледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар