Бас мүфти өз еркімен қызметінен кетуі тиіс – Қайрат Жолдыбайұлы
Белгілі исламтанушы ғалым Қайрат Жолдыбайұлы Бас муфтиды сынға алды
Қостанай облысының Бас имамымен болған шулы оқиғаға қатысты ғалым Қайрат Жолдыбайұлы өткір пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қостанай облысының білдей бір бас имамы ішімдік ішіп, көлік жүргізіп, қамауға алынды деген ақпарат төбесінен жай түскендей әсер еткен.
Сондай ақ, ол егер жағдай расталса, Бас мүфти қызметінен кетуі керек дегенді айтты.
Еске салсақ, күні кеше Қостанай облысының бас имамы түнгі клубтың маңында мас күйінде көлік айдағаны үшін ұсталып 15 тәулікке қамауға алынған-тын. Кешкісін ҚМДБ оның қызметтен қуылғаны белгілі болды.